Вашингтонда ұлттық гвардияның екі сарбазы оққа ұшты

Ұлттық гвардия жасағы Ақ үй маңында тұр. 26 қараша, 2025 жыл.

26 қарашада Вашингтонда АҚШ ұлттық гвардиясының екі сарбазы оққа ұшты. Бұл жөнінде ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмге сүйенген CNN жазды.

Жағдайдан хабары бар дереккөздің айтуынша, атыс Вашингтон орталығында Ақ үйге жақын жерде болған. Бір күдікті ұсталған.

Атыстың жай-жапсары анықталып жатыр.