24 сәуірде АҚШ президенті Джо Байден Осман империясындағы армяндардың жаппай өлтірілуін геноцид деп атады.
Қордайдағы қақтығысқа байланысты қозғалған сот аяқталды. 51 адамға үкім шықты; Қытайдағы қуғын-сүргіннен қашып, Қазақстанға өткен қазақтар енді өзге елге кетуге мәжбүр болып жатқанын айтады; Қызылордадан бір топ әйел Нұр-Сұлтанға барып наразылық білдірді
CGTN телеарнасының "бақытты шыңжаңдықтар" туралы фильміне фактчек.
Қазақстанда жер дауын шешуі тиіс болған жер комиссиясы бір айдан соң жұмысын тоқтатты. 80 адам ақылдаса келе мараториді тағы 5 жыл ұзартуға уағдаласты; Мәжіліс депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі Айдос Сарым журналист сұрақтарына жөнді жауап бермей сынға ұшырады.
1986 жылы 26 сәуірде Украинадағы Чернобыль атом электр станциясында әдеткі қауіпсіздік сынағы бақылаудан шығып кетті. Мұның арты адамзат тарихындағы ең қатерлі ядролық апатқа ұласты.
Үндістанда күніне 350 мыңнан аса адамнан вирус табылып жатыр. Бұл ел бір күнде вирус табылғандар саны бойынша әлемдік рекордты бірнеше рет бұзды. Елдегі ауруханаларда орын мен оттегі тапшы. Крематорийлер де мәйіттерді өртеп үлгермей жатыр.
Қазақстанда 24 сәуірге белгіленген жер митингісінің ең ірісі Алматыда өтті. Жиналғандар кез келген мақсаттағы жерді шетелдіктерге бермеуді және жерді мемлекет меншігінде қалдыруды талап етті. Демпартия өкілдері "жер туралы даулы заң қабылданса, алаңда шатыр тігіп, аштық жариялаймыз" деді.
Жерді шетелдіктерге беруге қарсы митингінің өтуіне Алматы әкімдігі келісім бермеді; Қазақстан сынақтың үшінші кезеңін аяқтамаған коронавирус вакцинасын халыққа еге бермек; Соғыс аймағында кездесуді ұсынған Украина президентін Путин Мәскеуге шақырды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп барады. Үкіметтің болжамы тіпті қорқынышты. Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері тағы да наразылық білдірді. "АҚШ қастандық істемек болды" деген Лукашенко одақтасы Путинге неге барды?
Маңғыстау облысында мұнайшылар үш күннен бері ереуілдеп жатыр. || Қырғызстан президенті "ковидке қарсы ем" деп атаған уқорғасыннан үш адам уланып, ауруханаға түскен. || Ресейде Навальный жақтастары "ақырғы шайқас" деп атаған митинг өтіп жатыр.
Ресей президенті Владимир Путин 21 сәуірде халыққа жолдау арнап, Мәскеумен байланыста "қызыл сызықтан" өткендерге, "қатаң жауап болатынын" айтты.
8 наурызда Алматыда көп адам қатысқан әйелдер маршы өтті. Қазақстанның әртүрлі өңірінде тұратын белсенділер әйел құқығы мен белсенділігі, азаматтық қоғамдағы теңдік пен әділдік туралы пікір білдіру үшін Алматыға арнайы келді.
Венада орналасқан Freedom Eurasia ұйымы жақында Қазақстанның телекоммуникация саласындағы жемқорлық жайлы зерттеу жариялады. Азаттық ұйым өкілдері, осы зерттеудің авторлары Томас Уэйн және Ләйлә Сейітбекпен сөйлесті.
"Нұр Отан" партиясының төрағасы Бауыржан Байбек оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды сотқа беретінін мәлімдеді.Блогерге сұхбат берген Бауыржан Байбек журналистерге неге шықпайды? Халықаралық ұйым Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын "адамзатқа қарсы қылмыс" деп атады.
Африкадағы Чад мемлекетін 30 жылдан аса уақыт басқарған президент Идрис Деби елдің солтүстігіндегі "содырлармен қақтығыс кезінде" қайтыс болғаны хабарланды. Бұл ақпаратты 20 сәуірде елдің әскерилері мемлекеттік телеарна арқылы хабарлады.
Қазақстан "Шекарасыз тілшілер" халықаралық ұйымының "Бүкіләлемдік баспасөз еркіндігі индексінде" 180 елдің ішінде 155-орында тұр.
Тағы