Жанболат Мамай мен Мұхтар Әблязов шақырған митинг алдында полиция кейбір белсендінің үйіне барған; Қытай компаниясы Ақтөбеде мұнайшылардың талабын орындауға мәжбүр болды; Қытай Ұлыбританияның лауазымды тұлғаларына санкция салды. Себеп тағы да Шыңжаңдағы ахуал.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев жаппай жұмыссыздықпен күрес жоспарының аясында кәсіпкерлерден жастарға көп жұмыс орнын ашуды талап етті. Кәсіпкерлер бұл талапты орындау қиын дейді.
Совет билігі Голодоморды фотоға түсіруге тыйым салған. Украинада қолдан ұйымдастырылған аштыққа дәлел болатын суреттер сирек, бірақ бар. Канаданың Торонто қаласындағы Голодоморды зерттеу бойынша ғылыми орталық сондай жүздей суретті жинап, Holodomor Photo Directory сайтына жариялады.
Солтүстік Корея тағы да зымыранын сынап, айбат шекті. Ресейде абақтыда отырған оппозиционер Алексей Навальный денсаулығына байланысты шағымданды. Жапония олимпиада алауын жақты.
Шығыс Қазақстанда депутат Тарбағатай ауданын екіге бөліп, біріне Назарбаевтың атын беруді ұсынды; Шымкент әкімдігі наурызды тойлауға 565 миллион теңге бөлген; Жер комиссиясы жұмысын бастады. Оның құрамына жер сатуға қарсы митингілерді басқарған белсенділер кірмеген.
2020 жылғы 12 қарашада Минскіде белсенді Роман Бондаренконы полицейлер ұрып-соғып, мәшинеге салып алып кетті. Кейін ол есін жимастан көз жұмды. Лукашенко «ол мас болған, әлдекімдермен төбелескен» дейді. Бірақ журналистер мен белсенділер Беларусьтегі мемлекеттік пропаганданың өтірігін әшкереледі.
Еуропа одағы мен Қытай біріне бірі санкция салды. Батыс елдері Шыңжаңдағы саяси қуғын-сүргінге байланысты Пекинді "адам құқығын аяққа таптады" деп кінәласа, Қытай Брюссельді "демократияны желеу етіп ішкі ісімізге араласты" деп айыптап отыр. "Санкциялар алмасудың" соңы не болмақ?
Еуропа одағы Шыңжаңдағы мұсылмандардың құқығын бұзып, қысым жасап жатқаны үшін Қытайға санкция салды. Бұл бастамаға АҚШ, Ұлыбритания және Канада да қосылды. Батыс елдері кімдерге шектеу енгізді? Пекиннің жауабы қандай болды?
Қазақ мемлекеттік телерадиосы түсірген "Көктем мерекесі" фильмінде 1989 жылы Алматы облысы Нарынқол ауданында өткен Наурыз мейрамы көрсетілген.
Шадраға тыйым салғанымен, ол қайтып орала берді. Неге? Неліктен пәренжіні жерге таптады, ал кейде үстінен жамау жамады? Яшмакты неге тіспен тістеп тұру керек? Бөрікпен паспортқа түсуге бола ма, оларды бір-бірінен қалай ажыратамыз?
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне екі жыл болды. Не өзгерді? Қытай консулдығы алдындағы наразылыққа 40 күн; АҚШ пен Қытай билігінің өкілдері Аляскада кездесіп жатыр.
Бүгін, 19 наурыз Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттіктен кеткеніне екі жыл болды. Президент ауысқан соң елде саяси жүйе, әлеуметтік ахуал өзгерді ме? Жұрттан сұрадық.
Семейде спорт кешені мен бір көшені бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев атымен атау туралы ұсыныс қоғамда қызу талқыланып жатыр; Ескі үйді паналап отырған 12 балалы екі шаңырақ далада қалуы мүмкін; Байден мен Путиннің тіресі. Өзін "қанішер" деген Ақ үй қожасына Кремль иесі жауап берді.
2014 жылы 16 наурызда Ресей Қырымда референдум ұйымдастырып, түбекті аннексиялап алды. Әлем елдерінің көбі бұл референдум нәтижесін мойындамады. Азаттықтың Idel.Реалии жобасы Ресей билігінің Қырым жайлы айтқандарының көбі шындыққа жанаспайтынын дәлелдеді.
Нұр-Сұлтанда оппозицияны біріктіру туралы жиын өтті. Кеңеске оппозиция жетекшілері қатыспады. Кейбірі шақырылмаған; Жерді шетелдіктерге сатуға тыйым салатын заң жобасын мәжіліс қарай бастады; Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап барады.
Нұр-Сұлтанда бір топ адам "Нұр Отан" төрағасынан бастап бірнеше адамға жеке санкция салуды сұрап Еуропа одағы елдерінің елшілігіне барды; Қытай консулдығын Қазақстан полициясы неге қатты күзетеді?
Тағы