Биыл көктемде әлеуметтік желіде иесінің өз итін азаптағанын көрсететін видео тарады. Онда бір жас жігіт үй жануарының басы көлденең жатқан тоңазытқышқа тығып, мойнын есігімен қысады, сол күйі тоңазытқыштың үстіне шығып, иттің тартып отырған азабын еселей түседі.
ОСК төрағасы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы Берік Имашев бақылаушыларға шүйлікті. Тәуелсіз бақылаушылар мен құқық қорғаушылар жаңа қаулыны түсіндіруді сұрап арыз жазды. Арыс оқиғасына байланысты "ақша жымқырды" делінген Қызылорда облысының әкімі сотталды.
Лондон соты миллиардер Болат Өтемұратовтың мүлкін бұғаудан босатты. Тимур Құлыбаев британ газетіндегі мақалаға байланысты бас прокуратураға жүгінді. Ақпарат министрлігі онлай форматтағы жиынға 30 миллион теңге жұмсағаны анықталды.
Ресей дәрігерлері коронавирусқа қарсы елде жасалған вакцинаны өздеріне мәжбүрлеп салудың түрлі тәсілдері қолданылып жатыр дейді. Ел басшылығы жаппай сынақ әлі аяқталмаған "Спутник-V" вакцинасын егуді осы апта бастап кетті.
Қазақстан билігі сайлау қарсаңында "кибер қауіпсіздік" жаттығуын бастады. ОСК тәуелсіз бақылаушыларға сайлау учаскесінде видео мен фото түсіруге тыйым салды. Құқық қорғаушылар түрмедегі Макс Боқаевпен кездесті.
АҚШ президенті Дональд Трамптың сайлау штабы Джорджия штатындағы дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды талап етіп, сотқа тағы бір арыз түсірді. Осы штатта "президент сайлауынан да тартысты" сенат сайлауының науқаны қыза түсті. Бұл штатқа Трамп та, Байден де бармақ.
Қазақстанда саяси көзқарасы үшін қылмыстық жауапқа тартылатындар көбейген. Жаңа партия құратынын айтқан белсенділер сайлауды кейінге шегеруді талап етті.
Халқының саны 6 миллионнан асатын Қырғызстанда осы кезге дейін демография жайы қалыпты болып келген. Тұрғындар арасында көші-қон процесі үнемі артып отырғанымен, өмір сүру жасы ұлғайып, өлім-жітім азайған еді. Бірақ қазір әлемдегі өзге елдердегі тәрізді қартаю үрдісі Қырғызстанды да айналып өтпеді.
Еуропада ұзындығы жағынан үшінші өзен саналатын Жайықтың суы соңғы 15 жылда үш есе азайған. Жергілікті халық шаруашылыққа су жетпей, құрғақшылық болып жатқанын айтады. Азаттықтың түсірілім тобы Жайықтың бойымен жүріп өтіп, қазіргі жағдайын білді.
Жүздеген мың қазақстандық жеке тұрғын үй салуға мемлекеттен тегін 10 сотық жер алу үшін жылдар бойы кезекте тұрады. Әкімдіктер әртүрлі сылтау айтып, жер бермейді. Ал ұлттық парк аумағына депутаттарға тиесілі зәулім үйлер еш қиындықсыз салынады.
Шетелдік басылымы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаевтың жасырын жолмен ондаған миллион доллар пайда тапқанын жазды; 28 миллион теңге дауынан соң "Адал" партиясы журналисті қатарынан шығарып жіберді; ЖСДП-ның бұрынғы және қазіргі мүшелері студияда төбелесті.
2015 жылы Қазақстан БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі Конвенциясын ратификациялап, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қатысты көп міндеттемені мойнына алды. Содан бері елде не өзгерді?
Арман Борисов – Оралда тұратын 21 жастағы танымал блогер. Instagram аккаунтында мыңдаған оқырманы бар. "Қабілеті ерекше блогер" онда қалай саяхаттағанын, спортпен шұғылданатынын айтып, "ДЦП-мен өмір сүретін жанның адал өмірі" жайлы сыр шертеді.
Тағы