Алматыдағы Шоқан Уәлиханов ескерткішінің алдында елде саяси реформалар жасап, саяси-қуғын-сүргінді тоқтату талабымен ұйымдастырылған митингіге жүздеген адам жиналды. Алматы әкімдігі құқық қорғаушылар Бақытжан Төреғожина мен Ғалым Ағелеуовтің бейбіт жиын өткізуіне келісім берген.
Түркияның Измир провинциясында шамамен 7 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Алматы студенттеріне 31 қазанға жоспарланған митингіге қатысуға "тыйым салынды". Бағынбағандар оқудан шығарылмақ. Қытайдан қашып, шекара бұзып өткен тағы екі қазаққа Қазақстан билігі босқын мәртебесін берді. Тоқаев жариялайтын рақымшылыққа "саяси тұтқындар" іліге ме?
Сарапшылар салымшыларға ақшасын бір банкте сақтамауға, мемлекеттік органдарға болған жағдайдан қорытынды шығаруға, ал компанияның бәсекелестеріне онлайн қызметтерін дамытуға кеңес береді.
Алматыда бір топ адам АҚШ консулдығына тағы барып, Борат фильміне наразылық білдірді. "Төрт жасар қызын зорлады" деп төрт ай бұрын 16 жылға сотталған адамды алқабилер ақтап алды. Францияда тағы бір адам тұрғындарды пышақтап, бір әйелдің басын кесіп тастады.
31 қазан күніне белгіленген наразылық митингі қарсаңында Қазақстанның әр аумағында белсенділерді полиция шақырып, кейбірінің үйін тінтті. Депутат өзі мақұлдап, президент қол қойған "Бейбіт жиын туралы" заңның қолданыста екенін білмей ме?
Болгария археологтары Қара теңіздегі Ропотамо өзенінің сағасында біздің дәуірімізге дейінгі бесінші мыңжылдыққа жатуы мүмкін адамдардың ізін тапқан. Бұл жаңалықты Созопольдегі су асты археология орталығының сүңгуірлері жасады. Олар бұл аймақты соңғы үш жыл бойы зерттеп келген.
Қазақстанда парламент сайлауы алдында белсенділер қозғалыс құрды. Олар заңды өзгертуді талап етпек. Қырғызстанда қамаудағы бұрынғы президент аштық жариялады, экс-премьерге іздеу жарияланды. Әлемде Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсылық күшейді
Пәкістанның Пешавар қаласындағы медресеге жасалған бомба шабуылынан кем дегенде 9 оқушы қайтыс болып, 80-нен аса адам жараланды.
Қырғыз үкіметінің басшысы әрі президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров президент сайлауына түсетінін мәлімдеді. ОСК парламент сайлауының мерзімін жылжытуға қарсы. Қоғамда осы сайлауларға байланысты дау күшейіп отыр.
"Саяси себеппен қамауда отыр" делінген белсенділердің отбасына көмек көрсетпек болғандар ұсталды. Азаттық тілшісіне полиция күш көрсетті.
Минскіде Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруіне жүз мыңнан астам адам шықты. Полиция демонстранттарға резеңке оқ пен құлақ тұндыратын граната қолданған. Беларусьте билікке жаппай наразылықтың жалғасып жатқанына екі жарым айдан асты.
Беларусь астанасында Светлана Тихановская жариялаған "халық ультиматумын" қолдап, Александр Лукашенкоға қарсы бейбіт шеруге, кей мәлімет бойынша, 200 мыңға дейін адам қатысқан.
Қазақстанда "Борат-2" фильміне қарсылар көбейді. Бір топ адам АҚШ консулдығына барып петиция тапсырды. Ақтөбе облысында жерін жалға берген жүздеген адам пайдың ақысын ала алмағанын айтады. Пекин кімге сес көрсетпек? Қытай билігі әскери қару-жарақты дамыту жоспарын жеделдетуді қолға алды.
Егде жастағы азаматтар Минск көшелеріндегі шерулердің қалыпты қатысушысына айналды. Олар нәтижесі бұрмаланды деген президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларына серпіліс беріп отыр. Қатысушылардың бірі "Егер мені ұстап әкетсе, немерелерімнің алдында арым таза" дейді.
Қазақстанда қаңтарға белгіленген парламент сайлауына партиялар не қам жасап жатыр? Азаматтық белсенділерді қорғап жүрген адвокат Жанар Балғабаева полиция департаментінде "физикалық қысым" көріп, ауруханаға түсті. Әзербайжан Таулы Қарабақта соғысуға Сириядан жалдамалы сарбаз алдырғаны рас па?
Қазақстанда алда болатын парламент сайлауы саяси режимді консервациялауды көздейді, ал шынайы бәсекесіз өтетін сайлаудың нәтижесі қазірден белгілі деп санайды саясаттанушы Дастан Қадыржанов.
Қазақстанда парламент сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оппозиция белсенділері науқан әділ өтпейді деп есептейді. Мәслихат сайлауына тәуелсіз кандидат қатыса алмайды. Бұл демократия ма, кері кету ме? Нигерияда полиция демонстранттарды атып, оннан аса тұрғын қаза тапты.
Тағы