Алматыда "төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату" айыбы тағылған белсенді Әлнұр Ильяшевтың соты карантинге байланысты онлайн режимде өтіп жатыр. Белсенді мен адвокаттары "видеобайланыстың сапасы нашар екенін", судьяның, прокурордың, бір-бірінің дауысын естімейтінін айтып шағынды.