Украиналық Людмила Мырзағалиева қызы және жиенімен бірге Атырауда тұрып жатыр. Ол Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Мариуполь қаласында оқ пен от астында бір айдан астам уақыт жертөлені паналаған үшеуінің басынан өткенін, Қазақстанға туыстарының шақыруымен қалай келгенін Азаттыққа айтып берді.