Азаттық Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отбасының бизнесі, мүліктері жайлы зерттеу жасады. Ұлы Тимур мен президент әкімшілігі жетекшісінің інісі Шалқар Нұртілеудің бизнестегі байланысын анықтады. Президенттің туған жиендерінің Қазақстандағы, шетелдегі кәсібі мен мүліктерін топтап шықты.