Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурыздағы жолдауында "президент құзіретін шектеу, саяси партияларды тіркеуді жеңілдету" жөнінде бастама көтерді. Алайда саясаттанушы бұл өзгерістердің президент қолындағы шексіз билігін өзгелерге беру емес екенін, саяси жүйе көп өзгермейтінін айтады.
Қазақстандық ақпарат құралдары бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құдасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ұсталғаны туралы жазып жатыр.
Қазақстанда қаңтарда "кейбір ықпалды адамдар" билікті басып алуға талпынған. Бұл жөнінде биылғы жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Бірақ олардың аты-жөнін атамады. Жолдауда бұрынғы президент кезінде қалыптасқан билік жүйесіне өзгерістер енгізу жайлы да айтылды.
Путиннің бұйрығымен Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 20 күн болды. Орыс ракеталары Киевті атқылап жатыр; Санкция астында қалған Ресей азық-түлік экспортына шектеу қойып, Қазақстанда қант қымбаттады. Рубль құнсызданған соң теңгенің де жайы мәз емес.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды қамауға алынды. Неге? Қаңтар қырғынының артында кім тұр? Самат Әбіш неге бостандықта жүр? Депутаттардың сұрағына бас прокурор жауап берді. Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай екі айға қамалды.
Дүйсенбі, 14 наурыз күні парламент мәжілісінде қаңтар оқиғасына арналған тыңдау өтті. Жиынға депутаттардан бөлек бас прокурор, ішкі істер министрі, жемқорлық күрес қызметінің жетекшісі және қаңтар оқиғасын зерттейтін қоғамдық комиссиялардың жетекшілері қатысты.
Ресей билігі Украинаға соғыс бастаған соң оған тек кәсіби дайындықтан өткен жауынгерлер мен армияға келісімшартпен жалданған адамдар ғана қатысып жатыр деп мәлімдеген. Бірақ көп ұзамай соғысқа мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылған қатардағы сарбаздарды да жібергенін мойындауға мәжбүр болды.
Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 16 күн болды. Путин соғысқа Таяу Шығыстан "еріктілерді" әкелмек. Оларды батыс "жалдамалы" деп атайды; Қазақстанда ұлты орыс тұрғындар "бізді қорғаудың қажеті жоқ" деп әлеуметтік желіде флешмоб өткізіп жатыр. Қаңтар оқиғасына байланысты балалары қамауда отырған Шымкент тұрғындары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.
Ресей әскері Украинаға басып кіріп, атқылап, бомбалап жатқалы 15 күн болды. Соғыс басталғалы екі елдің сыртқы істер министрлері алғаш рет кездесті; Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркияда жүр. Сарапшылардың кейбірі ол "Украина-Ресей жанжалын реттеуге көмектеспек" дейді;
Ақтөбеде бір топ әйел ұкіметтен әйелдердің зейнет жасын төмендетуді талап етіп шара өткізді. Бастапқыда шараны видеоға түсіріп, "рұқсатсыз жиын өткізгендерге әкімшілік шара қолданылады" деп ескерткен қалалық әкімдік өкілі артынан әйелдерге бір тал гүлден таратып берді.
Украинадағы соғыс кезінде елдің президенті Владимир Зеленский Киевтен басқа елге кетті деген түрлі ақпарат бірнеше рет шыққан. Зеленский желідегі парақтарында бұл ақпараттарды жиі жоққа шығарып, Киевте, президент кеңсесінде екенін айтып келеді. Ол 7-8 наурызда Киевтен видео жариялады.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне бір аптадан асып кетті. Осы уақытта Ресей әскери Украинаға жүздеген ракета мен артиллерия, бомба атты. Киев, Харьков, Чернигов, Одесса, Мариуполь, Сум сынды қалалар көп зардап шекті.
Сібір тұрғындары Украинадағы соғысқа жап-жас жігіттердің жіберілгеніне қарсы шығып, губернаторды сұрақтың астына алды. Кремль соғысқа қарсы пікір білдіргендерге жазаны күшейткен еді.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 9 күн. Ұлыбритания басылымы президент Зеленский кемі 3 қастандықтан аман қалғанын жазды; Қаңтар оқиғасына байланысты абақтыда отырған адамның әлеуметтік желіге жарияланған хаты жан түршіктіреді;
Ресей мен Украина арасындағы соғыста қолға түскен ресейлік жауынгерлердің аналары ұлдарының басқа елде тұтқында жатқанын интернетте тараған видеолардан білген. Олар Ресей билігі балаларын соғысқа жіберетінін жасырып, енді тұтқындағы жауынгерлерді босатып алуға құлықсыздық танытып отырғанын айтады.
Украинаның бірнеше қаласында Ресей солдаттары банктер мен дүкендерді тонап жатқаны байқалды. Қауіпсіздік камералары түсіріп, әлеуметтік желіде жарияланған кадрлардан Ресей солдаттарының дүкеннен азық-түлік ұрлап, сейфті әкеткелі жатқаны көрінеді.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 8 күн болды. Орыс әскері қалаларды бомбалап жатыр. Украина президенті сарбаздар "қорғаныстан шабуылға көшкенін" айтты.
Тағы