Кейінгі апталарда Ауғанстанда "Талибан" қозғалысы бейбіт наразылықтар мен сөз бостандығын басып-жаншуды жиілетті. Кабулдағы үйінде шабуылға ұшыраған журналист мұны содырлардан көріп отыр. Сондай-ақ тәліптердің бейбіт наразылыққа қатысқан екі әйелді тұтқындағаны жайлы хабар тарады.
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмып, жерленгендердің мәйітін қайта қазып алмақ; Еуропарламент президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "ескертусіз оқ ату" бұйрығын сынап, қарар қабылдады. Қарарды Қазақстан "біржақты құжат" деп атады.
Қазақстан парламенті бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына арналған конституциялық заңды өзгертіп жатыр; Журналистер Назарбаев қайырымдылық қорлары арқылы 7.8 миллиард доллардың активін иемденіп отырғанын анықтады; Нұр-Сұлтан соты Назарбаевтың беделіне нұқсан келтіру шағымы бойынша қозғалған істі қысқартып тастады.
Алматыда полицейлер ұстап әкеткен азаматтың мүрдесін туыстары мәйітханадан алды; Ақтөбе мәйітханасы оқ тиіп көз жұмған жігіттің сүйегін жақындарына бермей отыр; Қуғындағы банкир Мұхтар Әблязов шақырған митинг өтпей қалды.
Ресми дерек бойынша, Қазақстандағы қаңтар оқиғалары кезінде 225 адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Із-түзсіз жоғалғандар, жарақатымен қамалғандар өте көп.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар оқиғаларынан бері алғаш рет пікір білдірді; Куәгерлер 6 қаңтар күні Алматы алаңында қарусыз, бейбіт түрде жиналып тұрғандарға әскерилер оқ атқанын айтады.
Елдің экс-президенті Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды. Ол елдегі ең ықпалды органда 2013 жылдан бері жұмыс істеп келді. Самат Әбіш кім? Қысқаша шолып шығайық.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің дереккөздері Болат Назарбаев пен оған жақын бірнеше адамның Бішкекке келіп, кейін Дубайға ұшып кеткенін айтқан. Бұған дейін де ақпарат құралдарында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің елден кеткені жайлы ақпараттар тараған еді.
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары бірінен соң бірі қызметтен кетіп жатыр; Санда бар, санатта жоқ па? Билік қаза тапқандардың санын айтқанымен тізімін жарияламады; Алматыда түрмеге түскендердің туыстары жақындарының денсаулығына алаңдайды.
Бұрын саясатқа көңіл бөлмеген қазақстандық азамат пайдалы қазбаға бай елдегі кедейлік салдарынан саяси белсендіге айналып, қаңтардағы наразылық акциясына шыққан. Ол полициядан таяқ жегеніне қарамастан, жарқын болашақ үшін күресінен бас тартпауға бекініп отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев әлі жұрт алдына шыққан жоқ. Ақорда "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" деп атаған қаңтардағы қанды оқиғаларға байланысты ол әлі күнге дейін ешқандай мәлімдеме жасамады. Назарбаевтың жақындары да көрінбеді. Олар жайлы интернетте тек жазбалар мен хабарламалар тарап жатыр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке өмірі туралы дерек аз. Ресми өмірбаянында ажырасқаны, бір ұлы бары ғана айтылады. Ал Тоқаевтың баласы — 38 жастағы Тимурдың кәсібі мен жеке өмірі туралы дерек тіпті жоқ деуге болады. Бірақ оның бірнеше табысы мол кәсібі туралы ақпарат бар. Азаттықтың Орыс қызметі мен "Настоящее время" арнасы президент ұлының мәлім де беймәлім бизнесі туралы зерттеу жариялады.
2022 жылы Қазақстанда қаңтарда наразылық пен тәртіпсіздік қалай болды? Қаңтар оқиғасының хронологиясы.
Қазақстан президенті Тоқаев былтыр 15 желтоқсанда елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "біртуар реформатор" деп мақтаған еді. Ал биыл 11 қаңтарда "тұңғыш президент - елбасының арқасында елде өте табысты компаниялар мен халықаралық деңгейдегі бай адамдар тобы пайда болды" деді.
Азаттық қаңтардағы оқиғалар ішінде журналистік қызметімен жүрген өз тілшісінің көргенін жариялап отыр.
Қазақстандық телеарналар 9 қаңтарда елдегі митингіге қатысқаны үшін ақша алды деп қырғызстандықты көрсеткен еді. н
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда парламенттегі сөзінде "террорлық шабуыл" жайлы сөзін қайталап, үкіметке қарсы жаппай наразылықтар тәртіпсіздіктерге ұласқанда бүлінген дүние-мүлікті қалпына келтіруге уәде берді. Ал экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жайлы осы жолы бұрынғыдан басқаша сөйледі.
Тағы