Қазақтар – Ресейде Еділдің төменгі жағын мекендейтін ең ірі этникалық азшылық. 2010 жылғы халық санағының мәліметіне сай, Астрахань облысында тұратын 150 мыңға жуық адам ұлтын қазақ деп көрсеткен. Азаттықтың Татар-Башқұрт қызметінің тілшісі Тодар Бактемирдің қазақ тілі туралы мақаласын ұсынамыз.
Көзіне бытыра тиіп соқыр болған ілбіс, қорқау қасқырмен арпалыста табанынан айырылған түлкі, сирағы ағашқа байланған қыран – осындай көптеген жаралы аң-құсты мал дәрігері Салтанат Сейітова емдеп, паналатып отыр.
Қазақстанда "сатира жаңалық" жазатын парақша авторын полиция ұстап әкетіп, тергеді; Нұр-Сұлтанда бір топ борышкер президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, наразылық білдірді; Израиль мен Газа секторы арасындағы атыс тоқтамады. Екі жүзге жуық бейбіт тұрғын көз жұмды.
17 мамыр – гомофобия, трансфобия және бифобиямен халықаралық күрес күні. Азаттық қазақстандық ЛГБТ-қауымдастық өкілдерінің өз болмысын қабылдауы, ішкі сырын өзгемен бөлісуі және қазіргі өмірі туралы хикаяларын ұсынады.
Израиль премьер-министрі Бенжамин Нетаньяху палестиналық топтарға қарсы операция "қажет болса жалғаса беретінін" айтты. АҚШ пен БҰҰ Израильді шабуылды тоқтатуға шақырды.
"Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек пен оппозициялық белсенді Жанболат Мамайдың соты басталды; 15 мамырға белгіленген митинг алдында белсенділерді полицияға шақырып жатыр; Тоқаев тапсырмасынан соң Шымкентте мал дәрігерлеріне жұмыссыз қалу қаупі төнген.
13 мамырда ресейлік ютубер Юрий Дудьтің YouTube арнасында қазақстандық "Ирина Кайратовна" тобының сұхбаты шықты. ИК мүшелері Дудьпен сұхбатта саясат, тарих, қоғам төңірегіндегі мәселелерді қозғады. "Ирина Кайратовна" жігіттері Дудьпен сұхбатта айтқан бірнеше цитатаны ұсынамыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда дау тудырған заңға қол қойды. Заң бойынша жер шетелдікке сатылмайды, жалға да берілмейді; || Президент бастамасымен дайындалған заң елдегі жер дауын реттей ала ма?; || Ораза айт мерекесін тойлап жатқан мұсылмандар Израиль мен Палестина жанжалының тыншуын тіледі.
Грузияда көз жұмған қыздың денесі Қазақстанға жеткізілді. Туыстары "суицид" дегенге сенбейді. || Назарбаев Түркістанға барған кезде кейбір турист қонақ үйден шыға алмаған. || Қытай консулдығы алдында наразылық білдірген азаматтарды полиция кеше ұстап әкеткен. Сот бүгін оларды жауапқа тартты.
Татарстан астанасы Қазан қаласында біреу мектепте оқушыларды атып, кемі тоғыз адам қаза тапты; Шығыс Қазақстанда орман өртеді деген бір күдікті ұсталды. Өрттен бір адам қаза тапты, екі тұрғынды күйік шалды.
10 мамыр түнде Израиль Газа секторына әуеден соққы жасады, ал палестиналықтар Иерусалимге қарата ракета атқылады. Кейінгі бір аптада Иерусалимде жағдай ушығып тұр.
Тағы