Accessibility links

Трамп Уиткофф пен Дрисколды Ресей және Украинамен кездесуге жіберді


Стив Уиткофф
Стив Уиткофф

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде бейбітшілік туралы келісімнің соңғы нұсқасын пысықтау үшін өзінің өкілдерін Ресей және Украинамен келіссөзге жібергенін хабарлады. Оның сөзінше, арнайы уәкіл Стив Уиткофф Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуге бармақ, ал қорғаныс министрі Дэниел Дрисколл Украина жағымен келіссөз жүргізеді.

"Кейінгі апталарда менің командам Ресей-Украина соғысын тоқтату мәселесі бойынша айтарлықтай жетістікке жетті" деп жазды Трамп. Ол 28 пунктен тұратын АҚШ-тың бейбітшілік жоспарында тараптардың ұсынысары ескерілгенін және құжатта бірнеше пункт қана даулы болып қалғанын айтты.

Трамп Владимир Зеленский және Владимир Путинмен кездесуді "асыға күтетінін", бірақ мұндай кездесу соғысты аяқтау бойынша түпкілікті келісім жасалған жағдайда немесе аяқталу кезеңіне таяғанда ғана болатынын атап өтті.

Бұған дейін ақпарат құралдары АҚШ-тың бейбітшілік жоспарының алғашқы нұсқасында Қырым, Донецк және Луганск облыстарын іс жүзінде Ресей жері деп тану, Украинаның НАТО-ға мүшеліктен бас тартуы мен Украина қарулы күштерінің санын 600 мыңға дейін қысқарту туралы талап болғанын жазған.

23 қарашада Украина және АҚШ жағы кездескенен кейін пунктердің саны 19-ға дейін қысқартылған. Журналистердің айтуынша, Ақ үй ұсынған жоспардан украин әскерінің санын қысқарту, екі жаққа соғыстағы әрекеті үшін толық рақымшылық жасау, Донбасты Ресейдің бақылауына беру туралы шарттар алынып тасталғанын хабарлаған.

Тараптардың ешқайсысы ресми түрде жоспардың жай-жапсарын айтпады.

XS
SM
MD
LG