Ресей армиясы түнде тағы да Киевке зымыран мен дрон атқылады. Кемінде 6 адам қаза тауып, тұрғын үйлер өртенді. Таганрогта украиналық дрондардың шабуылынан үш адам қаза болды. Жергілікті билік көршілес Краснодар өлкесі ірі шабуылға ұшырады деп хабарлады.
Қытайдың Шаньси провинциясындағы, бұрын шикізатты "Роснефть" компаниясынан сатып алып келген мұнай өңдеу зауыты Қазақстанмен келісімшарт жасасқан деп жазды Reuters. Қытай Ресейден алып келген мұнай көлемін толықтай алмастыруға Қазақстанның шамасы жете ме? "Настоящее Время Азия" сарапшылардан сұрады.
Трамп пен Зеленский осы аптада кездесіп, "Бейбітшілік жоспарын" талқылауы керек. Владимир Путин Трамптың жоспарымен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді, бірақ соғысты жалғастыруға да қарсы емес. Ал Еуропа бейбітшілік келісіміне өз ұсыныстарын дайындады.
Украина президенті АҚШ ұсынған соғысты тоқтату жоспарын қарап жатқанын, ол бойынша «қатаң мәлімдеме жасамайтынын» айтты. Ал Ресей президенті Украина әскерилерінің «қаруды тастап, берілуіне мүмкіндік жасау» туралы нұсқау берді. Шабуыл жалғасып жатыр.
АҚШ Ресей-Украина соғысын тоқтату бойынша жаңа жоспар ұсынғаны хабарланды. Ол бойынша Украина біраз жерінен бас тартып, әскерін қысқартуы тиіс. Сарапшылар Украина «бұл шартқа көне қоймас» дейді. Екі тарап бір-бірін әуеден атқылап жатыр. Украинаның Тенополь қаласында қаралы күн.
АҚШ пен Ресей Украиндағы соғысты тоқтау үшін Киевсіз бейбітшілік жоспарын жазып жатқаны хабарланды. Ресей әскері Украинаның Тенополь қаласына шабуылдап, 10 адам қаза тапты. Покровск және Мирноград қаласы үшін соғысып жатқан Украина әскеріне тілшіміз барып қайтты.
Ресей түнде Украинаны зымыранмен және дронмен атқылады, Украина да қарымта жауап берді. Ал Франция Украинаны «Еуропаның алғы шебі» деп атап, 100 жойғыш ұшақ беретінін айтты, Кремль мұны «бейбітшілікке бастамайтын қадам» деп сипаттады.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресеймен сауда-саттық жасайтын елдерге қарсы санкция салуды көздейтін заң жобасын қолдайтынын мәлімдеді. Бұл тізімге Иран да кіруі мүмкін. Ал Украина Грекиямен сұйытылған газ тасымалы бойынша келісімге келді. Алғашқы тасымал желтоқсанда басталмақ.
Тағы